Жарма ауданына онлайн-экскурсия жүргізіледі
Жарма аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өңірдегі барлық тарихи-мәдени орындарға виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мұражай қызметкерінің сөзінше, кішкене ғимарат ішінен аудандағы тарихи-мәдени орындардың әрқайсысына жеке-жеке бұрыш арнау мүмкін емес. Сол үшін де электронды тақтаны пайдалану ләзім. Оның іске қосылуына аз ғана қалды.
– Өздеріңізге мәлім, Қалбатау ауылындағы бұл мұражай күрделі жөндеуден өтіп, 2 шілдеде ғана ашылды. Сөйтсе де, осы қысқа ғана уақыт ішінде 300-ден астам адам келді мұнда. Басым көпшілігі жергілікті халық десек те, сырттан келіп тамашалағандар баршылық, – дейді мұражай маманы.
Айтуынша, жәдігерлер саны бұрынғыдан недәуір артқан. Келушілер жағы көбінесе тарихи жәдігерлер мен 1979 жылғы фильмоскопқа қызығады екен.