Уақыт белдеуі: петиция 50 мың қол жинады
E-Petition.kz ресми порталында жарияланған уақыт белдеуінің өзгеруіне қарсылық туралы петиция қажетті дауыс санын жинады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 90-4-бабына сәйкес, 50 мың қол жинауға байланысты петиция өз құзыреті бойынша қарау үшін Сауда және интеграция министрлігіне беріледі.
«Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптарды, мемлекеттік мекемелерді және қоғамдық ұйымдардан жұмыс тобын құрады. Петицияны қарау заң талаптарына сай өтеді. Бұл процеске 40 күн кетеді» деп мәлімдеді министрлікте.
Оқи отырыңыз