KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда 7 мыңнан астам кенші мерзімінен бұрын зейнетке шықты

Фото: qazaqstan.tv

26.06.2024, 21:11 138 Айжанат Бақытқызы

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қанша кеншінің мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін арнайы әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданғанын еске салды.

«Жыл басынан бері Президент тарапынан қаралып, депутаттардың қолдауына ие болған зиянды өндірістегі жұмысшыларға арнайы жәрдемақы төленіп, осы кезеңде жәрдемақы алушылардың саны 7 140 адамға жетіп, осы мақсаттар үшін 1,2 млрд теңге бөлінді», - деді Тамара Дүйсенова.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу аясында арнайы әлеуметтік төлемдер енгізілген болатын.

55 жасқа толған және кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіби төлемдер аударылған қызметкерлер бұл төлемдерге құқылы.

Төлемнің негізгі шарты - зиянды еңбек жағдайындағы жұмысты тоқтату.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу