Тәртіп сақшыларына қарсы келген Өскемендік тұрғын жазаланды
Фото: depositphotos.com
Мас әйел күйеуін учаскеге алып кетуге келген полицейлерге дөрекі өсйлеп, қол көтерген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үстінен шағым түскен азаматты учаскеге алып кетуге барған полицейлерге оның әйелі қарсылық танытқан.
– Мас тұрғын тәртіп сақшыларының бірін басынан ұрып, бетіне зақым келтірген. Ал екіншісінің жақ сүйегін жұдырықтап, қызмет барысындағы полицейлерге дөрекі сөйлеген, – делінген хабарламада.
Сот қала тұрғынын кінәлі деп танып, оған төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз