KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 4 м/с, СБ
473.95 513.38 5.5

Шығыстың шеберіне ел сенім артып отыр

Фото: instagram.com/qaz_olympics

10.07.2024, 17:51 109 Айна Ескенқызы

Шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков 1994 жылы 15 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Оның спортқа келуі де қызық, оған немере ағасы түрткі болыпты. Әйтеуір спорттың бір түрімен айналыссын деген оймен  ағасы оны спорт залына әкелгенде, Азамат еркін күрес кілемінде белдесіп жүрген сыныптастарын байқап, спорттың осы түрін таңдап алады. 

Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, екі дүркін Азия чемпионы, екі рет Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Азамат Дәулетбековке қазір үлкен үміт артылып отыр.

OLYMPIC.KZ сайты 86 келі салмақ дәрежесінде  күресетін шығысқазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбековке әлемдік рейтингте  ешкім тең келмейді деп жазады. Өткен жылы Әлем чемпионатында үшінші орын алған Азамат біраздан бері алдына жан  салмай келеді.

Азамат Дәулетбеков спортсүйер қауымның есінде 2023 жылдың Әлем чемпионатында соңғы секундтарда  қола жүлдені жеңіп алып, Олимпиада-2024 жолдама алуымен есте қалары сөзсіз. Жаһандық доданың қола жүлдесін жерлесіміз

Бахрейн құрамасының спортшысы Магомед Шариповтің уысынан жұлып алды! Азамат белдесудің соңғы сәтінде  өзінің сүйікті әдісін қолданып, жеңіс тұғырына көтерілген-ді. Жалпы күресте  соңғы сәттерде әдіс қолдану сирек кездесетін құбылыс екен. 

30 жастағы  Азамат Дәулетбеков өз салмақ дәрежесінде екі жыл қатарынан Әлем чемпионатының қола жүлдегері және биыл үшінші рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ұлттық олимпиада комитетінің ақпараты бойынша,  Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақ дәрежесінде тағы да үздік шықты. Континент чемпионатының финалында Азамат өзбекстандық қарсыласы Жабраил Шапиевты 5:2 есебімен ұтып, осымен үшінші рет Азия чемпионы атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив