KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
478.74 528.24 5.35

Алматыда мотоциклшілерге шабуыл жасалды

15.07.2024, 12:38 104 ALTAINEWS

Алматы облысында мотоциклші-эндуристерге шабуыл жасалды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба Қаскелең тауында түсірілген.

Көріп тұрғанымыздай, атты адам мотоцикл жүргізушілерінің бірін қамшымен ұрады. Содан кейін тағы екі адам жүгіріп келіп, жүргізушіні соққыға жығады. Олардың қолында автоматқа ұқсас зат болғанын айта кету керек.

Жәбірленушілер Алматы облысының полициясына арыз берген.

«Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - деп мәлімдеді полиция.

Туристік сала дами түскен қазіргі уақытта саяхатшылардың, шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызы. Әлеуеті зор Шығыс өңірінде бұл мәселе жолға қойылған деуге болады. Өйткені бүгінде аймақта ауыл туризмі қарқын алды. Коробиха, Зимовье, Поперечное секілді көрікті елді мекендердің тұрғындары туристерге қоналқы үйлерін жалға беріп, табыс табуды жақсы әдетке айналдырған. Ауыл туризмінің түлеуі жаңа жұмыс орындарының құрылуына да жол ашатыны анық.

Аталған елді мекендерде бұл сала тікелей жергілікті тұрғындардың бастамасымен дамып келе жатыр. Туристер үшін ең маңызды нәрсе – қонақжайлылық. Ауыл жұртшылығы осы қасиетімен туристерді тартып отыр.

Сондай-ақ осы бағытта өңір билігі тарапынан да маңызды жобалар қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив