KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Өскеменде азық-түлік дүкеніне шабуыл жасалды

4.04.2018, 12:27 125

20 наурыз күні Өскемен қаласының Защита ауданындағы дүкендердің бірінен 102 арнасына хабарлама келіп түсті. Хабарласқан әйел адамның айтуынша, кешкі уақытта бет-жүзін медициналық маска және қара көзілдірікпен тұмшалап алған екі ер адам тапаншаға ұқсас затпен сатушыны қорқытып, саудадан түскен ақшаны алып кеткен. Бұл туралы ШҚО Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.



Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен жедел-тергеу тобы ішкі бақылау бейнекамерасындағы жазбаларды қарап шыққан. Сатушы тонаушыларды сипаттап бере алмады.


Өскемен қаласының ІІБ Үлбі полиция бөлімі қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, тонаушыларды құрықтады. Дүкенге шабуыл жасап жүрген қаланың 25 және 30 жасар екі тұрғыны болып шықты. Олардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.


Тонаушылардың қолданған қаруы ойыншық тапанша екені анықталды. Дүкеннен олар сол күні 8000 теңге алып кетіпті.


Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексі 192 тармағының 2-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив