Риддерде жедел түрде қарақшылық шабуыл ашылды
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында қарашылық шабуыл жасаған үш күдікті жедел құрықталды. Бұл туралы ШҚО Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Риддер қаласында бет-жүзін маскамен жасырған үш белгісіз ер адам жеке меншік компанияның кеңсесіне басып кіріп, тонап кеткені туралы хабарлаған едік.
-Шамамен түнгі 00:40 сағат кезінде Риддер қаласының ЖШС-нің бірінің ғимаратына қарақшылық шабуыл жасалды. Маска киген үш адам тапаншаға ұқсас затпен қызметкерлерді қорқытып, тонап кеткен. Бұл оқиға туралы хабар күзет агенттігінің диспетчерінен келіп түсті, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Нәтижесінде 32,34, 36 жасар үш күдікті қамауға алынды. Олардың екеуі бұрын қылмыстық жауапкершіліке тартылған екен. ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз