KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
477.62 527.67 5.25

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

19.08.2024, 17:52 116 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да 70-тен астам мал ұрлығына қатысы бар қарулы топ ұсталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топ мал етін елдің оңтүстігіне апарып сатқан. Келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60-тан астам патрон тәркіленді. Қазіргі уақытта олар бойынша сараптама тағайындалды.

- Төрт күдікті жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Мал басының бір бөлігі тәркіленді. Тергеу барысында мал ұрлаушылардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарларға тасымалданғаны анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айыпталушылар сот санкциясымен қамалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив