Британдық инвесторлар Шығыс Қазақстанға қызығып отыр
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Астанадағы Ұлыбритания елшілігінің бизнес және сауда департаментінің директоры, бірінші хатшы Бэт Мэй Маккендрик келді. Ондағы мақсат – өңірдің әлеуетімен танысу және түрлі саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапановпен кездесуде Маккендрик ханым британдық инвесторлардың өңдеу өнеркәсібі, туризм және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Дархан Сапанов Шығыс Қазақстанның мол табиғи байлығы туралы айтты.
Оның айтуынша, шетелдік қонақтар аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өзге де нысандарды аралап шығып, жақынырақ танысқан соң қос тарап үстел басына отырып алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.
Фото: Аяужан Утеулинова