ШҚО-да төрт ұйым демалыс базаларын заңсыз салған
көрнекілік сурет: depositphotos.com
Жобалық құжаттамасыз демалыс базаларын салғаны үшін компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aitainews.kz тілшісі.
Өңірдің танымал туристік аймақтарында – Риддер, Катонқарағай, Ұлан, Алтай және Самар аудандарында нысандар құрылысы белсенді түрде жалғасуда. Алайда, барлық компаниялар заң аясында жұмыс істемейді. Жыл басынан бері төрт жосықсыз ұйым жауапқа тартылған.
Заңнама нормаларын бұзғандарға 10-нан 1 400 АЕК-ке дейінгі айыппұл салу секілді әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кейбір жағдайларда қосымша санкциялар болуы мүмкін. Заңсыз тұрғызылған нысанды оны салған компания бұзуы керек.
Фото: Нелли Петенева
