Шығыста ертең де күн райы бұзылады

Фото: azertag.az
Қазгидромет филиалының ақпаратына сүйенсек, 18 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Оған қоса найзағай ойнап, солтүстік пен шығыстағы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Aitainews.kz тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында жел екпіні күшейеді. Оңтүстік-шығыс аймақта өрт қауіпі сақталады.
Мамандар күн райы бұзылған кезде сапарға немесе саяхатқа шықпауға кеңес береді. Төтенше жағдай кезінде «112»-ге хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз