KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да "Есірткіге жол жоқ!" ұранымен ескек есу бойынша жарыс өтті

24.07.2024, 16:46 132 Айна Ескенқызы

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі полиция басқармасы "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар рухы" ашық қоғамы  жастар қанатымен бірлесіп "Есірткіге жол  жоқ!" жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында спорттың ескек есу түрінен  жарыс өткізді. Сайысқа 30-дан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ескек есу бүкіл әлем бойынша көптеген жанкүйерлері бар,  қызықты, динамикалық спорт түрі. Бүгін жарыстар да  барлығына жағымды эмоциялар сыйлаған жарқын және қызықты сәттерге толы болды.

- Есірткінің таралуы өскелең ұрпаққа зор зиянын тигізеді.  Біз салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және бойларыңызды жаман әдеттерден аулақ ұстауға шақырамыз, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Ринат Ықыласов.

Іс-шара соңында қатысушылар грамоталармен, жүлделі орындармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив