«Ауыл аманаты»: Кәсіп бастаймын деушілерге қолдау бар

фото: zemla43.ru
Шығыс Қазақстанға сапары аясында Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов облыс орталығының іргесіндегі Глубокое мен Ұлан аудандарына да барып, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы несие алған бірқатар азаматтың кәсібімен танысып қайтқан болатын.
Сондай кәсіпкердің бірі – глубокоелық Талғат Сыдықов былтыр «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8,5 миллион теңгенің жеңілдетілген несиесін алып, ол қаражатқа үш мың бас тауық сатып алған. Қазіргі уақытта мыңнан астам жұмыртқа табатын тауығы мен үш жүз бройлерлері бар кәсіпкер шаруамды кеңейтсем деп отыр.
Белоусовка кентінде орналасқан ферманың жұмысымен танысқан Ералы Тоғжанов мұндай бизнесмендерді жан-жақты қолдау керектігін айтып, бүгінде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан азаматтарға бірталай жеңілдік қарастырылғанын жеткізді.