«Алтай» орталығы – халыққа пайдасы зор нысан – Премьер-министр кеңесшісі
Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыға ұсыну тұрғысынан ерекше атап өтер жобалардың бірі – «Алтай» көтерме-тарату орталығы.
Бұл туралы облысымызға жұмыс сапарымен келген ел Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ералы Лұқпанұлының айтуынша, болашақта ауылда шығарылатын өнімдердің барлығын осы көтерме-тарату орталығы арқылы өткізуге мүмкіндік бар.
Облыстағы бейінді мекемелерге осы сұрақты қойған Үкімет басшысының орынбасары өндіруші, жеткізуші және тұтынушы арасында жүйелі қарым-қатынас орнатып, тиімді механизмдерді іске асыру керектігін тапсырды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов келіп, өңірдегі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.