KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Теннис орталығына келушілер көп

10.09.2024, 16:01 948 Нұржан Кенжеұлы

Осыдан екі жыл бұрын Өскемен қаласында пайдалануға берілген теннис орталығына бүгінде келушілер көп. Спорттық нысанның игілігін өскемендіктермен қатар, қала қонақтары да көруде.

Мұнда келушілердің белсенді демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Орталықта үстел теннисі мен тренажер залдары жұмыс істеп тұр. Ал жақында бұл жерде бадминтон корты да ашылды. Сонымен қатар, аэрохоккейдің принципіне ұқсайтын зағип жандарға арналған үстел теннисін ерекше атап өткен жөн. Байқағанымыз, кешенге келушілердің арасында Өскемен қаласының спорт ардагерлері көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Біздің кешенге зейнет жасындағы жүзге жуық адам келеді. Оларға тегін қызмет көрсетеміз. Есесіне, осы спорт ардагерлері бізге төрешілер ретінде облыстық және республикалық маңызы бар спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектеседі, – дейді үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Денис Жолудев.

Жүздеген саңлақты тәрбиелеген осындай спорт ардагерінің бірі – Владимир Ситников. Ол бұған дейін үстел теннисінен облыстың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

– Әрине, ардагерлер мұнда бірінші кезекте қарым-қатынас пен денсаулығын күтіп ұстау үшін келеді. Мұнда бұл үшін бірегей жағдайлар жасалған. Мәселен, ойыннан кейін ескі достармен осы жердегі буфетке барып, кофе ішуге болады, – дейді Владимир Ситников.

Зейнеткерлікке әлдеқашан шығып кеткеніне қарамастан, ол үлкен спорттан қол үзбеген, өзі де жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстанады. Сонымен бірге ардагер спортшы түрлі жарыстарда төреші болып, жас спортшыларға тәлім-тәрбие беруді де ұмытпайды.

– Жақында облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен Халықтық ойындарды ұйымдастыруға жергілікті ардагерлердің кем дегенде 50 пайызы тартылды. Біз негізінен төрешілікке көмектестік. Үлкен тәжірибеге ие бола отырып, біз үнемі жас спортшыларға ақыл-кеңесімізді беріп, сабақтастық үзбеуге тырысамыз, – дейді спорт ардагері.

Осы ретте Шығыс Қазақстанда қарт адамдарды қолдау мақсатында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасымен көптеген іс-шаралар қолға алынғанын айту керек. Өңірдегі спорт нысандарында зейнеткерлерге қажетті барлық жағдай жасалған.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Құсымбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта облыста 1 687 спорт нысаны жұмыс істесе, оның 1 166-сы ауылдық жерлерде орналасқан екен. Бұл нысандарда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тегін сабақтар өткізіледі.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда аға буын үшін қолжетімді болатын тағы алты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив