KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Семсерлесушілеріміз алты медаль жеңіп алды

11.09.2024, 10:41 54 Нұржан Кенжеұлы

Шығысқазақстандық жас семсерлесушілер тағы бір байрақты бәсекеден олжалы оралды.

Осыдан бірер күн бұрын Алматы қаласында семсерлесуден «Азия-2024» атты халықаралық турнир мәресіне жеткен болатын. Алыс-жақын шет елдердің спортшылары қатысқан додада біздің жерлестер де өнер көрсеткен еді. Және жас спортшыларымыз алты бірдей жүлдеге ие болып, бапкерлер  мен жанкүйерлерінің сенімін ақтады.

Нақтырақ айтсақ, тура бір аптаға созылған жарыста денешынықтыру және спорт басқармасының жекпе-жек түрлерінен Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілерінің қанжығасы майланды.

Алдымен шпагамен семсерлесуден жекелей сынға қатысқан Кирилл Проходов, Аңсар Қасен, Валерия Мишенина мен Айзере Нұрқанова көзге түсті. Дәлірек айтсақ, Кирилл алтын медаль жеңіп алса, Аңсар мен Валерия күміс, ал Айзере қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, біздің семсерлесушілер командалық сында да үздіктер қатарынан көріне білді. Құрамында Нариман Уәлихан, Кирилл Проходов пен

Аңсар Қасен сынды спортшылары бар командамыз турнирдің күміс медалін еншілесе, дәл сондай жетістікке қыздарымыз да жетті. Бұрымдылар сайысына Арина Яковлева, Кристина Красикова мен Әмина

Саматова қатысқан болатын.

Осы ретте жарысқа спортшыларымызды бастап апарған А.Пеньков, М.Әбиева және Д.Еділқанұлы сынды бапкерлеріміздің де еңбегін ерекше атап өткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив