XXII Халықтық спорт ойындары мәреге жетті –ШҚО
XXII Халықтық спорт ойындарын қортындылау шарасы Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика орталығында өтіп, жеңімпаз командалар марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Спорттық доданың жабылу салтанатында жеңімпаздар анықталып, арнайы кубокпен және медальмен марапатталды. XXII Халықтық спорт ойындары 12 тамызда басталып, Шығыс Қазақстан облысының екі қаласында өтті. Нақтырақ айтқанда 12-16 тамыз аралығында Зайсан қаласында ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өтсе, 18-23 тамыз аралығында Өскеменде бұқаралық спорт түрлері мықтылар сайысты.
– Құрметті спортшылар, жанкүйерлер! Қадірменді спортсүйер қауым! Он күн бойы біздің 2000-ға жуық спортшыларымыз спорттың 22 түрі бойынша сайысқа түсіп, өзара мықтыны анқытады. Осы аралықта спортшыларға қолдау көрсетіп келген жанкүйерлерге алғыс айтамын! Осы жолғы сайыс барысында кемшіліктер болған болса, келер жылы оны назарға алуымыз, нәтиже шығаруымыз керек. Біздің облыстағы 1700-ге жуық спорт ғимаратында 105 мыңнан астам тұрғындар спортпен шұғылданып келеді. Бұл үрдіс арықарай да жалғасын таба бермек. Спорт додасының аяқталуымен құттықтап, алдағы күндерден сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Сақтағанов.
Жарыстар спорттың 22 түрі бойынша жүргізіліп, оған барлық қалалар мен аудандардан 13 команда қатысқан. Нәтжесінде Өскемен қаласының командасы І орынға ие болса, Ұлан ауданының командасы ІІ орынды еншіледі. Ал үздік үштікке Күршім ауданы табан тіресе, ІV орынды Глубокое ауданы қанжығаға байлады. Жүлделі бесінші орынға Тарбағатай ауданының командасы ие болды.