Самардағы балабақшалардың бірінде санитарлық ереже өрескел бұзылған
Фото: Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Самар ауданының «Дәншік» балабақшасында санитарлық ережелер өрескел бұзылған. Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 бірлік шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргенін көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, люминесцентті шамның құрамында үш-бес миллиграмм сынап бар және олардың дұрыс сақталмауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Қолданыстағы талаптарға қарамастан, балабақша әкімшілігі бұл қауіпті заттарды әкету мен жоюға әрекеттер жасамады.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қауіпті материалдарды әкету бойынша мамандандырылған ұйыммен шарт жасасып, оларды жою шаралары басталды.
Прокуратура облыстағы білім беру ұйымдарында санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жалғастыруда.