Санитарлық талаптарды сақтамаған мектептерге айыппұл салынды
pixabay.com
Ақмола облысында 22 мектеп қызметкеріне 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды.
Бұл мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.
Аудан прокуратурасы мамандарды тарта отырып жалпы білім беру мекемелерінің қызметіндегі денсаулық сақтау жүйесіне тексеру жүргізді.
ӘҚБтК-ның 425-бабы 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 22 адамға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, әкімшілік жауапқа тартылды.
Білім беру объектілерінде қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған бұзушылықтар жойылды.