KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

ХҚКО маманын үйге шақыруға болады

30.08.2024, 22:00 87 Назерке Каримова

Қазақстан азаматтары халыққа қызмет көрсету орталығының маманын үйге шақырта алады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Жаңашылдық туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының өкілдері мәлімдеді.

Бірақ үйге келетін менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді көрсетпейді.

Одан өзге мемлекеттік қызметтің кез келген түрін орталықтан тыс ала аласыз. Ол үшін eGov порталына кіріп, "жеке менеджерді үйге шақыру" батырмасын басу қажет.

1414 байланыс орталығы арқылы да өтініш беруге болады. Ал мамандар мәліметтерді нақтылауға және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін тұрғынға алдын ала хабарласады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу