Жеті мың гектар жер мемлекетке қайтарылды - Катонқарағай
Фото: редакция мұрағатынан
Ел Президенті атап өткендей, Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, оның жұмысына бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн.
-Кейбір меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкімет пен Бас прокуратура оларға қатысты мәселені мықтап қолға алуға тиіс, - деп айтқан болатын Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында.
Бүгін Катонқарағай ауданының халқымен кездескен облыс әкімі Ермек Көшербаев жыл басынан бері аталмыш ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеті мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.
- Бұл жер ауылдың дамуына өз үлесін қосатындарға ғана берілу керек. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Ең бастысы, мемлекетке пайда тигізбейтін жер иелерін анықтау жұмысын бәсеңдетпеуге тиіспіз, - деді аймақ басшысы.
Жалпы, 2024 жылы аудан бойынша 24 мың гектар жерді мемлекетке қайтару жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз