KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 17,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

12.04.2024, 09:00 213 Нұржан Кенжеұлы

Былтыр Шығыс Қазақстанда мемлекеттік меншікке 125,7 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайтарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сарманов мәлім етті.

Ол, сонымен қатар 2024 жылдың басынан бері облыста 17,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын хабарлады. 

– Қайтарылған жерлердің дені жер пайдаланушыларының пайдаланылмай жатқан учаскелері екенін айтқан жөн. Бұл жерлер қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес қайта бөлінетін болады. Бірінші кезекте халықтың жайылымдарға деген сұранысын қанағаттандыруға басымдық берілмек, – деген Д.Сарманов облыста пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылғанын да айтты.

Айта кетейік, 2019 жылдан бері облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ғарыштық мониторингі жүргізіліп келеді. Ғарыштық мониторинг жерді пайдалануды талдаудың тиімділігін арттыру мақсатында қашықтықтан зондтау деректерін және мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған геоақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Ғарыштық мониторингтің деректеріне сәйкес, 2022 жылы облыс бойынша Ғарыш Сапары веб-порталында 625 мың гектар пайдаланылмайтын жер тіркелген.

– 2023 жылы аудан-қала әкімдіктерімен жер қатынастары саласына қатысты 16 466 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ал Жер қатынастары басқармасы 63 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Көрсетілген қызметтер шеңберінде жер қойнауын пайдалану мақсатына 45 жер учаскесі берілді. Биылғы жағдайға келсек, алғашқы үш айда жергілікті әкімдіктермен жер қатынастарына қатысты 4 192 мемлекеттік қызмет көрсетілген, – деп хабарлады басқарма басшысының орынбасары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу