ШҚО: денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитарлық талаптарға сай емес
ШҚО-дағы денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ШҚО медициналық ұйымдарының басшыларымен өткізген кеңес барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның айтуынша, облыста денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау нәтижелері бойынша санитарлық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтті.
Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста тиісті халықты профилактикалық егулермен қамту 96,2%-ды құрады, сонымен қатар бірқатар аудандарда (Алтай, Зайсан, Шемонаиха аудандары және Риддер қаласында) вакцинациялаумен қамту көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ. Бұл жағдай халықтың иммундық емес қабатының жиналуына және өсуіне және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін.