KZ
Өскемен
+26°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Риддер қаласында танымал әндердің дәстүрлі фестивалі өтті

15.01.2019, 05:20 305


Риддер қаласында «Жасасын шансон!» атты танымал әндердің дәстүрлі фестивалі өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл мәдени шараның жалғасып келе жатқанына биыл он жыл болды.


Қаңтардың 13-і күні қас қарая кеншілер шаһарының тұрғындары қалалық Мәдениет үйіне қарай лег-легімен ағылып жатты. Олар өздері сүйіп тыңдайтын әрі қосыла шырқайтын үздік әндердің құдіретін тағы бір мәрте сезіну үшін асыққан еді. Үміттері алдамапты. Сахна төріне бірінен соң бірі шығып, тыңдарманын ән бесігінде тербеткен Ерлан Асанов, Ольга Вахрамеева, Гүлия Қырықпаева, Артур Филатов, Юлия Маратканова, Сергей Питюркин секілді риддерлік өнерпаздарға деген жұрттың ықылас-қошеметі, шынымен де, ерекше байқалды. Шансон жанрында шырқалған хит әндерді көпшіліктің сағынып қалғаны көзге ұрып тұр. Дуылдата қол соғып, гүл шоқтарын ұсынып, көңілденген көрерменнің кейбірі тіпті ортаға шығып билеуден де тартынған жоқ.


– Бұл ән жәрмеңкесін қала тұрғындары жыл сайын тағатсыздана күтеміз. Жүрекке жылы, көңілден орын алған шансон әндерді тыңдап, бір марқайып қаламыз. Осы жолы да бек риза болдық. Орындаушылар да нағыз таланттар екен, – дейді Данияр есімді қала тұрғыны.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив