KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Риддерде «Шансон жасасын!» атты IV қалалық фестивалі өтті

28.01.2013, 18:00 125


Риддер қаласында Шансонды сүйіп тыңдайтындар да, оны нақышына келтіріп орындайтындар да жеткілікті. Осыны ескерген мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қалалық Мәдениет сарайында «Шансон жасасын!» атты IV қалалық фестиваль өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сүйеніп.

Риддерде «Шансон жасасын!» атты IV қалалық фестивалі өттіШансон жанрының табынушылары алдында риддерлік ерлер триосы, Юрий Болденков, Галина Бурындина, Владимир Воронцов және басқа да жергілікті әншілер өз өнерлерін көрсетті.

Көрермендердің ерекше ықыласына бөленген өнерпаздардың бірі - Анна Калачёва болды. Олег Кокориннің, Ерлан Темірбековтің дауыстары да жүректерді лүпілдетті.

Фестиваль аясында Олег Митяев, Катя Огонёк, Стас Михайлов, Владимир Высоцкий, Андрей Бандер сияқты белгілі орындаушылардың репертуарларынан әндер шырқалды.

Көрермендер әрбір қатысушыны ыстық ықластарымен қарыс алып, олардан қошаметтерін аямады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив