ШҚО-да балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлар азайған
ШҚО ТЖД құтқарушылар дайындаған кезекті мультфильм шықты.
"№48 мектеп - қосымша білім беру орталығында" қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы жаңа мультфильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өткен эпизодтарда шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері мен өрттің алдын алу туралы айтқан кейіпкерлер Тентек пен Айя бұл жолы қысқы оқиғаға тап болады.
Кең ауқымда өткізіліп жатқан акциялар, рейдтер, мультфильмдер және өскелең ұрпақпен жұмыстың арқасында ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлар азайғанын айтады.
Бұл ШҚО құтқарушыларының жас кейіпкерлер: Тентек пен Айя туралы үшінші мультфильмі.