KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
484.11 528.79 5.03

Өскеменде екі дүкенді тонап кеткен күдікті ұсталды

Кеше, 15:00 69 Төлеуғазы Жансая

Полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Түнгі уақытта полицияға гүл сататын дүкеннің сатушысы тонау болғаны туралы хабарлаған,- деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам дүкенге кіріп, қорқытып, бірнеше рет ұрып, кассадан 14 мың теңгені алып, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. Екі күннен кейін полицияға дәл сондай қоңырау келіп түскен. Бұл жолы да ер адам азық-түлік дүкенінде сол сценарий бойынша әрекет еткен екен.

Сатушыға күш көрсетіп, кассадан 110 мың теңгеден астам ақшаны алып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел анықтап, қамауға алды. Ол облыстың 30 жастағы тұрғыны екені, тонау кезінде қылмыс жасаған маңда тәулік бойы пәтер жалдап тұрғаны анықталды.

Ұрланған ақшамен қарыздарын өтеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайды анықтауға бағытталған қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив