Құтқарушылар қолөнер сайысының қорытындысын шығарды
ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында ШҚО ТЖД қызметкерлерінің балалары арасында қолөнер сайысы өтті. Негізгі бағыт, балалардың құтқарушылар кәсібіне қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпаққа қауіпсіздік мәдениетін үйрету. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталды, шешімдер көпшілік дауыспен қабылданды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
1 орынды Шемонайха ауданынан Азалия Муслимова иеленді, ол “Орманды қорғаңдар” макетін жасады, 2 орынды Нұрәлі Қасаинов алды, оның туындысы “Саяжайдағы өртті алдын ал”, құтқарушылардың тұрғын үйдегі өртті сөндірулері бойынша композициясы үшін Айлана Белдеубаева 3 орынға ие болды.