Алаяқтардың жалған аккаунттарына алданып қалмаңыз – ШҚО
depositphotos.com
Алаяқтар мемлекеттік органдар басшыларының атынан мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар құрып, тұрғындарға түрлі өтініштер жіберуді жиілетіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы уақытта алаяқтар орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының атынан мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар жасап, түрлі сипаттағы хабарламалар жіберіп, көбінесе қаржылай көмек көрсету туралы өтініштер айтып жатқаны жиі байқалуда.
Алаяқтардың айласына түспеуіңізді сұраймыз және мұндай жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз, - делінген ШҚО әкімі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.