«Жүргізуші ұйықтап кеткен»: Өскеменде жол апаты болды
3 сәуір күні облыс орталығындағы Ярославская көшесінде жол апаты болды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушілері медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 28 жастағы Lada Priora жүргізушісі рульде ұйықтап кеткен көрінеді.
"Lada Priora" маркалы автокөлігі жол жиегіне шығып кетіп, Haval көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйге жіберілді, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқи отырыңыз