Қала әкімдігі Ленин ескерткішінің құлауына қатысты пікір білдірді
Видеодан скринделген сурет
Әлеуметтік желіде Алтай қаласының орталық алаңын жөндеу барысында Ленин ескерткішінің құлаған видеосы пайда болды.
15 тамыз күні Алтай қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атқарылатын жұмыстар қатарына Ленин ескерткіші тұғырының гранитті плиталарын ауыстыру да кіреді.
Мердігердің айтуынша, жұмыс барысында ескерткіш өздігінен құлап кеткен. Алайда әлеуметтік желіде тұрғындар мүсіннің абайсызда құламағанын жарыса жазуда.
Болған жағдайға қатысты Алтай ауданының әкімдігі түсініктеме берді.
- Әлеуметтік желілерде орталық алаңдағы Ленин ескерткішінің тұғырдан құлаған видеосы таралуда. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деді қала әкімдігі.
Оқи отырыңыз