KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті

22.08.2023, 12:13 354 Ләззат Қанатқызы

Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен отбасы тойдан шыққан соң су жағасына демалуға барған.

Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Әзірге 11 адамның 8-нің денесі табылды. Ал қалған үш адамды іздеу жұмыстары кешелі бері жүргізіліп жатыр. Олардың екеуі - кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

  "Өте ауыр жағдай. Бұл жерде бір әулеттің отбасы тойдан шыққан соң су жағасына демалуға барған. Баршасы шомылатын жер емес екендігін білген. Себебі ешбірі суға шомылатын киіммен түспеген. Су жағасында отырғанда кішкентай қыздың бірі аяғы тайып, құлап кеткен. Оны құтқармақшы болып соңынан анасы секірген, әкесі секірген. Содан ағын судан шыға алмай қалған деген болжам бар. Ал аман қалған отбасы мүшелеріне көршілері мен ағайындары көмектескен", делінген Түркістан облысы әкімдігі тарапынан берілген ақпаратта.

Еске салайық, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында орын алған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив