KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
504.44 545.65 5.95

Аялдаманың тас-талқанын шығарған жас жігіттер ұсталды – ШҚО

12.09.2023, 15:00 12 580 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да аялдама мен жол белгілерін зақымдаған жігіттер қолға түсті. Күдіктілердің біреуі кәмелет жасына да толмаған.

8 қыркүйек күні Серебрянск қаласының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғындар хабарласып,  аялдама кешені мен маңайындағы жол белгілерді белгісіз біреулердің сындырып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер үш күдіктіні қолға түсірді: 26 және 18 жастағы ағайындылар мен олардың 17 жастағы танысы екен.
Белгілі болғандай, 7 қыркүйек күні кешкісін үшеуі үйге қайтып бара жатып, араларындағы үлкені жол белгісін тепкілей бастаған. Артынша қызық көрген 17 жастағы інісі де оған қосылады. Кейін үшінші күдікті бағанаға шығып, жол белгісін қолымен майыстыруға көшкен.

 

- Автобус аялдамасы тұсынан өтіп бара жатып ағайындылар аяқтарымен металл қабырғаларды сындырып, олардың досы қарама-қарсы орналасқан жол белгісінің бағанасын майыстырады. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу