KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Глубокое ауданындағы 15 елді мекенде су басу қаупі жоғары

21.02.2023, 10:16 359 Ләззат Қанатқызы

Күн райының күрт жылынуына байланысты Глубокое ауданына қарасты 15 елді мекенде су басу қаупі жоғары.

Қазір онда қар шығару жұмыстары ұйымдастырылып, жолдағы су өткізу құбырлары, 30 шақырымнан астам каналдар мен арықтар тазалануда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, су басу қаупі бар аймақта қазір 925 тұрғын үй бар, 2300 астам адам тұрып жатыр.

- Глубокое ауданында 15 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр. Атап айтқанда, Прапорщиково, Уварово, Глубокое, Каменный карьер, Белоусовка, Жаңа Үлбі, Тарханка, Алтай, Прогресс, Предгорное, Разъезд 226, Черемшанка, Ушаново, Малоубинка және Опытное поле ауылдары, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 9200 дана қап, 100 тонна инертті материалдар, бір жарым тоннадан астам жанар-жағармай дайындалған. Тұрғындар үшін уақытша орналастыру пункттері де ұйымдастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу