KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

19 наурызда қауіпсіздік қалай болады? ІІМ жауап берді

сурет ашық дереккөзден

16.03.2023, 12:00 217 Оразай Жеңісұлы

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 19 наурыздағы қауіпсіздік жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Жағдай тұрақты болады, себебі түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Әрине, күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіп жатқанымызды білесіздер, сондықтан бұл күндері де адамдар дауыс беруге баруы үшін қауіпсіздікке бар күш-жігер жұмсалады. Сондықтан, барлық сайлау учаскелері күзетіліп, патрульдер қоғамдық тәртіп пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз бәрі ойдағыдай өтеді деп болжап отырмыз, ешқандай аладын ала себеп жоқ», - деді Марат Ахметжанов Сенат кулуарында.

Министр заңсыз әрекеттер болса, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатынын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу