KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
520.48 574.61 6.06

Сайлауға қарсы полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

4.06.2019, 08:49 199

7 маусымнан бастап полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

– Қазір 6 маусымға дейін құқық қорғау операциясы жүргізіліп жатыр. Бұл тек қана Нұр-Сұлтан емес, мұқым республикаға қатысты. Ал 7 маусымнан бастап күшейтілген режимге көшеміз, себебі жуықта сайлау болады, – деді министр.

Оның айтуынша, сайлау науқанында 21 мың тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, 9 сәуір күні Қазақстан президентінің сайлауы болады. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 7:00-20:00 аралығында жүргізіледі. Республикада 9 970 дауыс беру бекеті бар. Ал сырт 51 елде 65 дауыс беру бекеті жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу