KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да көлік қағып өлтірген баланы еске алуға арналған турнир өтеді

23.01.2019, 10:56 275


ШҚО-да Аңсар Алипиновты еске алуға арналған шаңғы жарысынан турнир өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетсек, Аңсар Алипиновты өткен жылдың 18 желтоқсанында Риддер қаласында көлік қағып кеткен еді. Алған ауыр жарақаттардың салдарынан 9 жастағы бала бір күннен кейін ауруханада көз жұмды.


Аңсар - бүлдіршін спортшы. Ол талай жарыстың медалін қанжығасына байлап, алда алар биік асуларына ұмтылып келе жатқан жас дарын еді. Бір сәттік оқыс оқиға оның өмірін қиып кетті.


Аңсардың ата-анасы қыршыннан кеткен ұлдарын еске алу ретінде бүлдіршін спортшыларға арасында шаңғы жарысынан турнир өткізбек. Оған 12 жастан кіші спортшылар қатыса алады.


Жарыс 3 ақпан күні Александр Афанасьев атындағы тас жолдың бойындағы Маренин Соколок шоқысында өтеді. Басталу уақыты: сағат 11.00.


Турнирдің ұйымдастырушылары оны жыл сайын өткізуді көздеп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив