ШҚО-да 18 жасар студент тұңғыш рет референдумға қатысып, өз үнін қосты
Жалпы халықтық референдумға дауыс беруге келген ел азаматтары аз емес.
Бүгін АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда алғаш рет дауыс берген Гуманитарлық колледждің студенті Дінислам Нұржанұлы таңсәрісімен дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Дінисламның айтуынша, бұл оның өміріндегі маңызды сәттердің бірі. Алғаш рет дауыс беру арқылы өзінің азаматтық жауапкершілігін сезінгенін ерекше толғаныспен бөлісті.
Студент жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы маңызды деп санайды.
Дінислам Нұржанұлы секілді алғаш дауыс берушілер елдің саяси өміріне белсене араласып, демократиялық процестердің бір бөлшегі болуды өздерінің борышы деп санайды.
Жансая Саянқызы
Фото: Аяужан Утеулинова