KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Отандық өнеркәсіптің өркендеуінде энергетикалық қауіпсіздік маңызды

6.10.2024, 08:39 97 Төлеуғазы Жансая

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға өскемендіктер де ертелетіп келіп, дауыс беріп жатыр. Қалалықтар осы референдумда атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауы керек. «Аманат»  партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Зоя Новолодская қаладағы  №78 участокка  өз дауысын беру үшін келді , деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-Мен бірнеше жыл Өскемендегі «Өскемен арматура зауыты», «Каз Роспром арматура», «Силумин Восток» сияқты іргелі өндірістік кәсіпорындарды басқарып келдім. «Силумин Восток» ЖШС кәсіпорнында электр энергиясы тапшылығы қатты сезілген уақыттар болды. 1 МВт қажет болғанда, 650 киловатт энергия қуатын ғана пайдалана алдық. Өнеркәсіпті қала Өскеменде, жалпы елімізде отандық өндіріс орындары жылдан-жылға көбейіп, экономиканың нақты секторы қарқынды дамып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта энергияға деген сұраныс бүгінгіден бірнеше есе артады. Қазірдің өзінде қажетті энергияның 30 пайызын еліміз сырттан сатып алып отыр. Жасыл энергия көзі болып табылатын АЭС біздің еліміздің болашағы, экономикасы үшін аса қажет. Өз дербестігін қамтамасыз ететін кез келген мемлекет энергетика қауіпсіздігін басты орынға қояды,-дейді  «Аманат»  партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Зоя Новолодская.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу