KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да құтқарушылар аллеясы ашылды

ШҚО ТЖД
ШҚО ТЖД
5.10.2024, 23:00 158 Назерке Каримова

Азаматтық қорғау органының кәсіби мерекесі аясында Шемонаиха ауданында құтқарушалыр аллеясы отырғызылып, құтқарушылардың құрметіне арналған монумент ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шараға аудан әкімі Григорий Акулов пен ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов, ардагерлер, төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы және ауыл тұрғындары қатысты.

Аллея Усть-Таловка кентінде орналасқан. Монумент идеясы № 28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дидар Әшімханға тиесілі. Ол М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі, 5 жылдан астам құтқарушылық қызметте аудан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

– Монумент – бұл адамдардың өмірін құтқару үшін күн сайын өліммен бетбе-бет келуден қорықпаған батырларға арналған алғыс символы. Биыл біздің департаменттің қызметкерлері 2831 рет жедел шақыртуларға шыққан. Төтенше жағдайлар аймағынан 1075 адам эвакуацияланды, 235 адам құтқарылды. Бұл тұрғызылған монумент өскелең ұрпақты тәрбиелеуге рух береді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу