Алтай мен Тарбағатайдың өнерлі әжелері өз таңдауларын жасады
Алтай мен Тарбағатай ауданының өнерпаз әжелері АЭС бойынша жалпыхалықтық референдумға қатысып, ел тағдырына бей-жай қарамайтындарын көрсетті, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылындағы №908 сайлау учаскесіне «Хан-апа» тобы ең бірінші келіп, өз дауыстарын берді. Аяулы әжелерімізге референдум комисиясының төрағасы сыйлық табыстады.
Алтай ауданында референдумға «Әнші жүректер» еңбек ардагерлерінің хоры белсенді қатысуда.
Айта кетейік, бұл ұжым аудандық және қалалық іс-шараларға, байқауларға үнемі қатысады. Осылайша, асыл әжелеріміз өнер сүйер қауымды әнмен сусындатып жүр.
Ажар Мұратқызы