KZ
Өскемен
-10°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Биыл жол құрылысына 1 млн тоннаға жуық битум қолданылды

freepik.com

5.10.2024, 18:00 165 Назерке Каримова

Оның басым бөлігі отандық өнім болса, 250 мың тоннасы көрші елден жеткізілген, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда жыл басынан бері республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарына 954 мың тоннаға жуық битум қолданылды.

Оның 706 мың тоннасы отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілді (ПМХЗ, Каспий битум, Qazaq Bitum және Асфальтобетон), ал 248 мың тоннасы көрші елден импортталды, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ. - Бұл көрсеткіштер еліміздің жол инфрақұрылымын битуммен қажетті көлемде қамтамасыз етілгенін көрсетеді.


Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында жол битумы маңызды құрамдас бөлікті атқарып, жол жабынын ұзақ әрі берік қолдануға мүмкіндік береді. Республикалық және жергілікті жол жобаларында отандық және импорттық битум пайдаланылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу