KZ
Өскемен
+23°
дождь жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«Торпедо» тізгінін келесі маусымда Ерлан Сағымбаев ұстайды

15.01.2019, 08:24 141


Мисхат Фахрутдинов өскемендік «Торпедоның» бас бапкері қызметінен кеткеннен кейін клуб президенті Николай Проскурин команда тізгінін Ерлан Сағымбаев ұстайтынын мәлім еткен болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алайда клуб басшысы өз сөзінде Ерлан Ерлесұлының жаңа қызметіне қашан кірісетіні туралы нақты айтқан жоқ еді. Бүгін «Торпедоның» баспасөз қызметі бұл жөнінде толыққанды ақпарат берді.


Одан түсінгеніміздей, қазірде «Алтай Торпедо» командасын жаттықтырып жүрген Ерлан Сағымбаев «Торпедоның» бас бапкері қызметіне келесі, 2019-2020 жылдарғы маусымда кіріспек. Ал әзірге, яғни биылғы біріншіліктің соңына дейін өскемендік команданы Евгений Фадеев жаттықтырады.


Клуб басшылығы мәлімдегендей, қазір Сағымбаев жаттықтыратын «Алтай Торпедо» командасының алдында Қазақстан біріншілігі плей-офф кезеңінің финалына дейін жету мақсаты тұр екен. Осы ретте, биыл Ерлан Ерлесұлының шәкірттері ел кубогының жеңіп алғанын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив