KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Өскеменде бойжеткен таксистің телефонын ұрлап кетті

27.10.2019, 10:57 147

Өскемендік бойжеткен таксистің ұлы телефонын ұрлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 21 қазанда болған. Қала ішінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын таксист полицияға арызданды. Айтуынша, бір бойжеткен оны алдап соғып, ұялы телефонын алып кеткен.

Бойжеткен айтылған мекен-жайға жеткен соң, жол ақысын төлепті. Одан кейін кілтін түсіріп алғанын айтып, оны қараңғыда жарық түсіріп табу үшін таксистен ұялы телефон сұраған екен. Аңқау таксист ақырында телефонсыз қалған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол – ШҚО-ның 23 жастағы тұрғыны екен. Бойжеткен кінәсін толық мойындап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив