ШҚО-да автокөлікті тегін иемденбек болған тұрғын ұсталды
Бейтаныс адамның көлігін тегін иемденбек болған облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімшесіне Ұлан ауданының 19 жастағы тұрғыны жүгенген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның айтуынша, Тихая көшесінде белгісіз ер адам сатып алу сылтауымен оның «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін алдап иемденіп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2 000 000 теңгені құрайды.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықталып, өз кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз
Өскемендік тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданғанКөршісі азық-түлік сатып әкелемін деп, зейнеткердің қаражатын иемденіп кетті – Өскемен Өскемен тұрғыны көлігін жөндетемін деп алаяқтың құрбаны болдыБірнеше қалта телефондарын ұрлаған әккі ұры ұсталды - ӨскеменСемейде біреудің көлігін айдап кетіп, кейін өртеп жіберген ер адам ұсталды