KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жауапкершілікке тартылды

Фото: mukyenhukuk.com

16.08.2023, 16:23 137 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да полиция подполковнигін соққыға жыққан тұрғын жауапкершілікке тартылды.

Оқиға 11 шілде күні Самар ауданында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

11 шілде күні полицияға ауыл тұрғындарының бірі үйінде адам қайтыс болғанын хабарлайды. Осылайша, аталған мекенжайға К. есімді полиция подполковнигі барған. Десе де, қандай да бір себептермен қайтыс болған ауыл тұрғынының ұлы полиция қызметкерлеріне агрессивті мінез-құлық танытып, қол көтерген.

Күршім аудандық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив