Тағы бір тұрғынның үйінен заңсыз қару тәркіленді – ШҚО
Шығысқазақстандық тәртіп сақшылары заңсыз қару сақтаған ер адамды қолға түсірді.
36 жастағы күдіктінің үйі мен гаражын тінту кезінде екі мылтықты, оқ-дәрілерді және шүріппе, сағақ және ұңғыны тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттар барлығы атуға жарамды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір тәртіп сақшылары ер адамның қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз