Ауыл тұрғынының телефонын ұрлаған - ШҚО
Таяуда Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 44 жастағы ер адам жүгініп, оның үйінде болған әйел адам үстелде тұрған құны 130 мың теңгені құрайтын қымбат телефонын ұрлағанын хабарлады.
Жедел – тергеу тобының қызметкерлері кінәсін мойындап, ұрланған ұялы телефонды қайтарған 45 жастағы әйелді жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 188 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз