Темекі қорабына марихуана салып алған - ШҚО
Қаңтар айының соңында Алтай ауданының полиция бөліміне Жаңа Бұқтырма кентінің жағында салынып бітпеген үйде Октябрьск кентінің 47 жастағы тұрғыны ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оны жеке тексеру барысында шалбарының қалтасынан бір қорап темекі тәркіленді, оның ішінде спецификалық иісі бар жасыл түсті зат, сондай-ақ жасыл түсті қағаз түйіншек болды.
- Маманның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 0,74 гр "марихуана" есірткі құралы болып табылады, - деді ШҚО ПБ Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.